Семейдегі жапондар салған аспалы көпір сыр берді

Семейдегі жапондар салған аспалы көпір сыр берді

Семейдегі аспалы көпірді Жапониядан келген мамандар тексеріп жатыр. 22 жыл бұрын осы елдің компаниясы салған нысанның сапасы сыр берді. Жыл сайын асфальт төселгенімен нәтиже болмай тұр.

Шетелдік инженерлер 90 метрлік бағаналарды жалғайтын негізгі кабельдің мығымдығын тексеруде. Көпірдің жағдайы жан-жақты зерттеледі. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін жобалық-сметалық құжат әзірленеді.

"Жан-жақты зерттеу үшін кабельдің үлгілерін алдық, оны зертханаға жібереміз. Бұл кабель көпірдің ең негізгі, маңызды бөлшектерінің бірі. Сондықтан бұған жауапкершілікпен қарау керек. Әрине көпірдің жолы да жөндеуді қажет етеді", - деді "IHI" компаниясының инженері Зафер Челеби.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.