«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергеліп жатыр. Олар жоғары тарифті қолдану арқылы 2,3 млрд теңге заңсыз пайда тапқан. Бұл жайлы қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.
«2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 миллиард теңге екені анықталды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған. Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді», – делінген хабарламада.Агенттік мәліметінше, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф белгіленген. Енді Қызылорда облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 тамызынан бастап газ үшін төмендетілген тариф негізінде төлейді.