«Өлтірейін деген ойым болмады...» –­ Ақтөбеде анасын өлтірген қыз жігітімен қоса сотталды
«Өлтірейін деген ойым болмады...» –­ Ақтөбеде анасын өлтірген қыз жігітімен қоса сотталды
Фото: yandex.kz
448
оқылды
Ақтөбеде өз анасын өлтірген 16 жастағы мектеп оқушысы 9 жылға сотталды. Ал оған қанды қылмыс жасауға көмектескен колледж студенті 15 жылға бас бостандығынан айырылды, –­деп хабарлады КТК арнасы. Жантүршігерлік қылмыс биыл мамыр айында болған. Туған анасын пышақтап өлтірген оқушы қыз жігітімен бірге анасының мәйітін кілемге орап, балконға шығарып тастаған. Ал қанға малынған пышақты қоқыс контейнеріне лақтырған. Мәйіттің иісі шықпас үшін арагідік сіркесуы мен соданы құйып отырғаны сотта белгілі болды. Марқұм сол жерде бірнеше күн бойы жатқан. Тергеу кезінде күдіктілер кінәсін бірден мойындады. Бірақ 19 жастағы жігіт судьядан «өлтіретін ойым болмаған» деп, сотта өзін ақтауды сұрағанымен, жазадан құтылмады.