"Қауіпсіз қала" акциясы басталды
"Қауіпсіз қала" акциясы басталды
278
оқылды
«AMANAT» партиясы Алматы қалалық «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қала» акциясы жүріп жатыр. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де атсалысуда. Акцияның алғашқы күні Сайран су қоймасында шомылып жүрген адамдарға қауіпсіздік ережелері ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Шараның мақсаты – қаладағы жазатайым оқиғаларды азайтуға және халықтың атқарушы органдармен жүйелі жұмыс алгоритмін құруға ықпал ету. Акция 7 бағыт бойынша өтеді. Біріншісі – ашық кәріз құдықтарын тексеру, екіншісі – газ құбырларын тексеру, үшіншісі – көпқабатты үйлердің төбесіне және шомылуға арналмаған орындарға рейд жүргізіліп, жазғы демалыстағы балалардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналар профилактикалық жұмыстар жанданады», – дейді қаланың Әуезов аудандық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Бекембай Сахи.
Еліміздің барлық аймағында өтіп жатқан акция 19 тамызға дейін жалғасады.