Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің басшысы Анар Жарованың 2019 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысында белгілі болды. 2019 жылы істі болған әкімдік қызметкерлері туралы статистикада сотталушылар санына қарай Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлері ондық топқа еніп отыр. Былтыр аймақтағы әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында 14 мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық үшін сотталған. Сондай-ақ өңірдегі мемлекеттік кіріс органында 5 пара алу ісі тіркелген. Анаргүл Жексембайқызы, Маңғыстау облысы