Жанармай құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматты тонап кетті
Жанармай құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматты тонап кетті
2,325
оқылды

Бейнеудегі жанармай құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматты тонап кеткен. Оның сөмкесінде 80 мың теңге болған.

Ұйықтап жатқан азаматты тонаған 2 жігіт оқиға орнынан бой тасалаған.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіріп, күдіктілерді ұстады. Аталған факт бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп бастады» - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 7 тамыз күні таңертеңгі мезгілде болған.