Нұр-Сұлтанда полицейлерден қашқан жүргізушінің тағы бір қылмысы әшкере болды
Нұр-Сұлтанда полицейлерден қашқан жүргізушінің тағы бір қылмысы әшкере болды
210
оқылды
Нұр-Сұлтанда полиция талабына бағынбай қашқан Toyota Camry жүргізушілеріне қатысты тағы бір дерек анықталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz сайты. "Есіл" ауданының Полиция басқармасына елорда тұрғыны белгісіз біреулер оның Kia Rio автокөлігінен мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап кеткенін айтып арызданған.
"Арызданушы әлеуметтік желілердегі жаңалықтардан "Нұр-Сұлтанда полицейлер Toyota Camry көлігін қуғынын" көріп, видеодан жүргізушінің жүксалғышында жатқан өзінің мемлекеттік нөмірін таныған. МТНБ ұрланғаннан кейін оның иесі белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік айыппұлдар туралы хабарламалар алған" делінген хабарламада.
Дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға 61 мың теңгеден аса айыппұл төлейтін болады. https://www.youtube.com/watch?v=ew5M8ekz4oc&feature=emb_title