Ондаған Алматы тұрғынын несие мен пәтер алып беремін деп алдаған әйел ұсталды
Ондаған Алматы тұрғынын несие мен пәтер алып беремін деп алдаған әйел ұсталды
623
оқылды
Алматыда тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша кепілсіз несие және пәтер беремін деп алдап кеткен 55 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы ұсталды. Осы уақытқа дейін 25-тен астам адам алаяқтықтың құрбаны болған. Келтірілген шығын миллиондаған теңгеге бағаланып отыр.
«Азамат А. екінші деңгейлі банктерден қолма-қол ақшалай несие алу, төмен пайызбен ипотекалық көлік сатып алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуда көмектесуге жалған уәде берген. Күдікті 2019 жылдан бері қала тұрғындарын осылай алдап келгені анықталды. Салым сомасы «қызметіне» байланысты өзгеріп отырған: ол көлікті «сатып алушыдан» 1,1 миллион теңге сұрап, пәтер сатып алу үшін 3,5 миллион теңге алған. Қазіргі уақытта тергеу барысында 25 эпизод белгілі болды. Қылмыстық істер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша бір өндіріске біріктірілді», – деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.