Сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін «AMANAT» партиясы ел аумағында 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады. Ең алдымен, проблемалық, әлеуметтік нысандар бақылауға алынады.
«Тамыз айының соңына дейін еліміздің барлық өңірінде 400-ден астам бекет ашу жоспарланып отыр. Бүгінде мұндай бекеттер 114 білім беру нысанында ашылды. Оның көмегімен құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақтылы берілуін бақылауға болады. Осылайша, жергілікті жерлерде партия сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына жүйелі бақылау күшейеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІ Съезінде атап өткендей, ең алдымен электоралды кезеңде айтылған уәделерді орындау қажет», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Хатшысы Жігер Қалиев.
«Оқу жылының басталуына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды. Алайда 1 қыркүйекте оқу процесі басталады деп жоспарлануда. Мектеп екі ауысымда 1800 оқушы қабылдай алады. Сайлауалды бағдарлама аясындағы басқа да нысандар тәрізді бұны да ерекше бақылауға аламыз», – деді Ақтөбе қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Талғат Хамитов.
«Шағын ауданда 4,5 мыңнан астам адам тұрады. Бәрінің балалары бар. Оларды алысқа апару ыңғайсыз. Екінші тоқсаннан бастап балалардың жаңа мектепте білім алуына жағдай жасауға тырысамыз», – деді Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Жорабек Нұрымбетов.