Ақпараттық қауіпсіздік басты орында
Ақпараттық қауіпсіздік басты орында
156
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Ведомстволардың және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткен жиында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ Қ.Тоқаев жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақ­параттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді талап етті. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Әділ Ахметовті қа­был­дады. Кездесу барысында қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің түйткілді мәселелері талқыланды. Әділ Ахметовтің пікірінше, келіп түсіп жатқан ұсыныстарды мұқият, асықпай зерттеу қажет, сондай-ақ оларды талдау кезінде ғылыми әдіске сүйену керек. Кездесу барысында еліміздің қо­ғамдық өміріндегі басқа да өзекті мәселелер талқыланды.