Ана сүтімен өскен баланың иммунитеті жоғары болады – дәрігер Айгүл Оңғарбекова
Ана сүтімен өскен баланың иммунитеті жоғары болады – дәрігер Айгүл Оңғарбекова
Фото: gov.kz
Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында ЮНИСЕФ және ДДСҰ нәрестелерді емізуді насихаттауға шақырады. Жыл сайын әлемнің 170 елінде, соның ішінде Қазақстанда да Дүниежүзілік ана сүтімен емізу апталығы тамыз айында өтеді, ­– деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Аталмыш іс-шараның мақсаты – ана сүтінің пайдасы туралы әйелдерді ақпараттандыру.    width= Нәрестені емізудің пайдасы туралы №1 Көпбейінді қалалық ауруханасы Ана мен бала бөлімшесінің Аға неонатолог дәрігері Айгүл Оңғарбекова айтып берді. «Сәби дүние есігін ашқанда алғаш рет ана сүтін емеді. Нәресте үшін ана сүтінің орны бөлек. Омырауды емгенде ана мен бала арасында эмоционалды байланыс бекиді. Ол балаға деген қорғаныс, тыныштандыру сезімін білдіреді. Сол сияқты нәрестенің ағзасына керекті микроорганизмдер, ферменттер, иммуноглобулиндер түседі. Ал бала емізудің ана үшін пайдалы жағы – ерте қан кетуден сақтайды, босанғаннан кейін физиологиялық тұрғыда тез қалпына келуіне пайдасы тиеді. ДДСҰ-ның зерттелген мәліметтеріне сүйенсек, омырау емген баланың иммунитеті жоғары болады. Ана сүтін ембей өскен баламен салыстырғанда 2,5 есе аз ауырады. Ал мектеп жасындағы балалардың IQ көрсеткіші жоғары болады», ­– дейді дәрігер.    width=