БҚО-да 19 жастағы жігіт достарының көз алдында суға батып кетті
БҚО-да 19 жастағы жігіт достарының көз алдында суға батып кетті
© alau.kz
БҚО-да шомылып жүріп аяқ сіңірі тартылып қалған ер адам достарының көз алдында суға батып кетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 10 тамыз күні сағат 12:40-та болған.
«2003 жылы туған азамат алты досымен Ақсоғым ауылының жанындағы Движок су айдынына келген. Рұқсат етілмеген жерде суға түсіп жүрген кезде ер адамның аяқ-қолы тырысып, артынша суға батып кеткен», – делінген хабарламада.
Марқұмның денесін құтқарушылар алты сағаттан кейін тапты.
«Суға түсу маусымы басталғалы облыста 15 адам суға батып кетті. Олардың өліміне мас күйде шомылу және өз күшін жете бағаламай алысқа жүзу себеп болған», – деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін Атырау облысында аудан әкімі суға кеткенін жазған болатынбыз.