Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 10 тамыз күні сағат 21:40 шамасында 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері масаң күйде тұрған күдікті азаматты тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде, ер адамға Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу жариялағаны анықталады. Сондай-ақ, күдіктіге елімізде де Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасау) бойынша іздеу салынғаны белгілі болды. Ұлттық ұланның хабарлауынша, күдікті дереу Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілген.