БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
276
оқылды
БҚО-да автокөлік аударылып екі адам қаза тапты. БҚО полиция департаменті мәлім еткендей, оқиға кеше сағат 13:00-де Самара-Шымкент жолының 444-шақырымында болды. Полиция подполковнигі Мирхат Әженовтің айтуынша, «Лада Гранта» автокөлігін айдап келе жатқан 1973 жылғы әйел рөлге ие бола алмай, аударылған. Соның салдарынан жүргізушінің өзі мен автокөлікте отырған 18 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Олардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.