Бүгінгі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Бұған дейін біраз уақыт «сары» аймақта болған елорда бүгін «жасыл» аймаққа өтті. «Қызыл» және «сары» аймақта бірде-бір өңір қалмады. «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары тұр. Өткен тәулікте 1643 адамнан коронавирус анықталды.