Қазақстаннан Ресей мен Украинаның қанша азаматы ЖСН алды?

Қазақстаннан Ресей мен Украинаның қанша азаматы ЖСН алды?

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстаннан ЖСН алған шетелдіктер туралы мәліметті жариялады.  ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шетелдіктер 198 806 ЖСН рәсімдеген, –­ деп жазады Tengrinews.kz. ЖСН алғандардың ең көбі: Өзбекстан – 91 454, Ресей – 74 371, Тәжікстан – 7896, Қырғызстан – 4470, Украина – 1520. Қазақстандағы шетелдіктерге ЖСН мынадай мақсатта қажет: – жұмысқа орналасу; – Қазақстанда есеп айырысу шотын тіркеу; – мүлікті тіркеу; – мемлекеттік қызметтерді алу және т.б. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімі бойынша, 3 519 шетелдік елден шығарылған. Оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынды.