Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді
Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді
198
оқылды
UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle FC лигасы бойынша Қазақстанда үлкен турнир өткізу жөніндегі жоспарын жариялады. Аталған турнирдегі басты жекпе-жек орта салмақтағы Eagle FC чемпионы, тәжікстандық файтер Фаридун Одилов (12-2) және қазақстандық Дәурен Ермековтің (14-5) арасында болмақ.
– Екеуі жекпе-жек өткізуге келісім берді. Жекпе-жек желтоқсан айында Қазақстанда ұйымдастырылады деген ойдамыз, – деді Хабиб Нурмагомедов.
Айта кетсек, Дәурен Ермеков Ақтау қаласында 17 шілдеде орта салмақтағы Eagle FC уақытша титулына ие болды. Ол жекпе-жек барысында ресейлік Гамзат Хирамагомедовті (9-2) екінші раунда нокаутқа түсірген болатын.