Торонтодағы турнирді табысты бастады
Торонтодағы турнирді табысты бастады
201
оқылды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонтодағы турнирдің үшінші айналымына өтті. Ол екінші айналымда әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті – 7:5. Екінші сәтте есеп 1:0 болған мезетте испаниялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты. Бір сағат 27 минутқа созылған кездесуде Путинцева 2 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 37-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен таласады.

Кербез ЕСІМХАН