Қарағандыда жол апатынан үш адам қайтыс болды
Қарағандыда жол апатынан үш адам қайтыс болды
Фото: polisia.kz
Жол апаты Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында болды. Polisia.kz-тің дерегінше, түнгі сағат 02:00 шамасында «Балқаш – Гүлшат» тасжолында 65 жастағы Subaru автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ескерту белгілеріне қарамастан, жолдың жөнделіп жатқан бағытына шығып кеткен. Сол жерде жол жөндеп жатқан, 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды.