Қаржылық мониторингі агенттігінің елордалық департаменті "Экспресс" филиалының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасары "Тұлпар-Тальго" пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу фактілерін анықтады. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Экспресс” филиалы "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеру жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазір аталған ұйымға қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді",-делінген хабарламада.