"1 қыркүйектен локдаун жарияланады": Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми мәлімдеме жасады
"1 қыркүйектен локдаун жарияланады": Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми мәлімдеме жасады
Фото: liter.kz
Әлеуметтік желіде Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, 1 қыркүйектен локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
«Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шетелдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантин шараларын күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазір карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ», - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Айта кетейік, бүгін елорда "жасыл" аймаққа өткен болатын.