Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
203
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында күндіз қатты ыстық болады. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында күндіз Ақтөбеде қатты ыстық сақталады деп болжанды. Қызылордада, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атыраудың шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Нұр-Сұлтанда ауа райы көшпелі бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан екпіні 7-12 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +24...+26°С. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +29...+31°С. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +34...+36°С.