Елордадағы айналма жолдан бірнеше атыс қаруы табылды

Елордадағы айналма жолдан бірнеше атыс қаруы табылды

Құқық қорғау органдары елордадағы айналма жолдан атыс қаруларын тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

«11 тамыз күні сағат 17:10-де елордалық криминалдық полиция басқармасы, ҰҚКД және МКҚ қызметкерлері «Алматы – Екатеринбург» тасжолы бойындағы орман екпелерінде, айналма жолдан 900 метр қашықтықта, шөптердің арасынан қару жасырылған орынды тапты.

Тексеру кезінде қолдан жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан жасалған, 9 мм калибрлі 7 патроны бар «МР-371» сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды» делінген сайт хабарламасында.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.