Талғарда жоғалған 22 жастағы қызды сүңгуірлер іздеп жатыр

Талғарда жоғалған 22 жастағы қызды сүңгуірлер іздеп жатыр

Алматы облысы Бесағаш ауылында полицейлер мен еріктілер 22 жастағы қызды бес күннен бері іздеп жатыр, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол бұған дейін бейнебақылау камераларының біріне жігітімен бірге түсіп қалған. Қыз суға батып кеткен болуы мүмкін деген де нұсқа қарастырылып жатыр. Іздестіруге шұғыл сүңгуірлер тартылды. Қазір олар Тасқұм көлінің түбін қарап жатыр. Сонымен қатар тау жотасын тексеруге кинологтар шақырылды.