Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында бүгін шағын автобустың астында қалған бір жасар сәби көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Микроавтобус рөлінде бүлдіршіндерді балабақшаларға тасымалдаумен айналысатын 69 жастағы ер адам болған. Анасы үлкен ұлын балабақшаға жіберу барысында сәби шағын автобусқа тым жақын тұрған. Көлік қозғалғанда ол дөңгелектердің астына түсіп қалған. Қарасай ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.