Биылдан бастап Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүреді
Биылдан бастап Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүреді
Өткен жылы үшінші мегаполисте  524 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш өсімі жағынан республикада Түркістан және Алматы облысынан кейін алғашқы үштіктің қатарында. Жалпы 3 жылда  1,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынған.  Мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 836 пәтерлі 53 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 450 көпбалалы отбасы, 242 халықтың әлсіз топтары, 904 жас баспанамен қамтылған. Шымкент қаласының әкімі бұл туралы  халықтың жылдам өсуіне байланысты баспана мәселесі өзекті болып тұрғанын атап өтті. «Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 140 мың  азамат тіркелген болса, оның ішінде 5 мыңы көпбалалы отбасылар.  Осыған байланысты биылдан бастап Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүретін болады» деді ол. Негізгі құрылыс– Шымкент сити, Тұран, әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында салынбақ.  Яғни, алдағы үш жылда 32 816 пәтерлі 652 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның ішінде биылғы жылы  12 117 пәтерлі 227 тұрғын үйдің құрылысы жүріп, 4 640 пәтерлі 89 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Н. НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы