Бұл құжат ірі жер иеленушілердің қитұрқы қадамдарына тосқауыл қояды - депутат
Бұл құжат ірі жер иеленушілердің қитұрқы қадамдарына тосқауыл қояды - депутат
343
оқылды
Игерілмей жатқан және заңсыз алынған жерлерді халықтың игілігіне қайтару бағытында құрылған "Жер аманаты" комиссиясы өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
"Баршаңызға мәлім, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылғы 9 тамыздағы № 971 Жарлығымен шағын және орта бизнес бағытындағы жер қатынастарына қатысты мораторийді алып тастады. Яғни, 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлыққа "Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу" деген өзгеріс енгізілді. Бұл құжат пайдаланылмай жатқан жерлер мен ірі жер иеленушілердің құйтырқы қадамдарына тосқауыл қоятын болады", - делінген депутаттың жазбасында.
Жер мәселесі жөніндегі өтінімдер 8 800 080 44 41 нөміріндегі "Жедел желі" және 8 700 800 44 41 Wats app нөмірі арқылы қабылданады. Мәжілісменнің айтуынша, тамыз айының алғашқы онкүндігінің өзінде ғана "Жедел желі" арқылы 985 өтініш түскен. Өтініштердің бәрі мұқият бақылауда.