Елордада мектептен 197 млн теңге жымқырғандар ұсталды
Елордада мектептен 197 млн теңге жымқырғандар ұсталды
570
оқылды
Елорда мектептерінің бірінде есепші мен шаруашылық қызметкері 7 жыл бойы мемлекет қаражатын жымқырып келген. Олар еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып, кейін "қателесіп кетіппіз" деген сылтаумен өздеріне қайтарып алып отырған. Жымқырған ақшаның жалпы сомасы - 197 миллион теңге. Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері осындай 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 9-ы сотқа жолданған.