Чонтей - чемпион
Чонтей - чемпион
321
оқылды
Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей чемпион атанды. Дүбірлі додада 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс нәтижесінде 253 (114+139) келіні бағындырды. Аталған салмақта Сауд Арабиясынан келген Мансур Алсалим 252 (115+137) келі көрсеткішпен екінші орын алса, индонезиялық Ади Нугрохо қоссайыста 244 (110+134) келі нәтижемен үздік үштікке ілікті. Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті. Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Қазақстандық спортшылар 16 медальмен (7 алтын, 1 күміс, 8 қола) жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді. Көш басында – Түркия және Иран спортшылары.

Кербез ЕСІМХАН