Алматы облысында бір жасар бала автобус астына түсіп көз жұмды
Алматы облысында бір жасар бала автобус астына түсіп көз жұмды
301
оқылды
Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында бір жасар бала автобустың астына түсіп кетіп, көз жұмды, - деп хабарлайды өңірдің Полиция департаменті. Шамалған ауылының тұрғыны үлкен ұлын балаларды балабақшаға таситын автобусқа алып келген. Кіші баласы осы уақытта әйелдің жанында, бірақ шағын автобусқа тым жақын тұрған. Автобус қозғалған кезде бала дөңгелек астына түсіп қаза болды.
"Шағын автобус рөлінде 69 жастағы ер адам отырған. Ол балаларды балабақшаға тасумен айналысқан", - деді полиция департаментіндегілер.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша іс қозғалды.