Пәтер сатып алуға көмектесем деген сылтаумен 2 миллион 600 мың теңгені иеленген
Пәтер сатып алуға көмектесем деген сылтаумен 2 миллион 600 мың теңгені иеленген
Фото: polisia.kz
121
оқылды
Ақтөбе облысында интернет-алаяқтықтың жаңа түрінен адамдар күн сайын жапа шегуде,-деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбеде алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, онда инстаграм әлеуметтік желісі арқылы интернет-ресурстарды пайдаланып, белгісіз адамдар заттарды арзан бағамен сатамыз деген сылтаумен сенімге кіріп, азаматтарды алдайды. Осы жылдың 13 ақпанында 30 жастағы ақтөбелік азаматтан 16 мың теңге ақшаны алаяқтық жолмен жымқырған.​Тағы бір жағдайда, инстаграм парақшасы арқылы интернет-ресурстарды пайдаланып белгісіз тұлға ақшаны айналдыру деген сылтаумен 30 жастағы ер адамнан 35 мың теңге көлемінде ақшаны алаяқтық жолмен иеленіп алған.​OLХ интернет-ресурсын пайдаланып, 7-20-25 ипотекалық бағдарламасы арқылы пәтерді сатып алуға көмектесем деген сылтаумен тұрғыннан 2 миллион 600 мың теңге көлемінде ақшаны алаяқтық жолмен алған факт тіркелген. Мәлімдемелер полицияға күн сайын келіп түседі. Қазіргі уақытта келіп түскен барлық арыздар тіркеліп, олар бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде. Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. Анонимді төлем жүйелері арқылы бейтаныс адамдарға ақша аударған кезде олардың қайтарылуына кепілдік берілмейтінін ұмытпаңыз. Бүгінгі таңда алаяқтық бұрын-соңды болмаған түрде, сан алуан тәсілмен және күрделеніп, түрленген күйінде кеңінен таралған. Сол себепті, алаяқтықтың әртүрлі түрлеріне қарсы тұруды үйрену өте маңызды. Алаяқтық қылмыскер мен оның құрбанының өзара әрекеті екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан қырағы болу керек және өзіңізді алдауға жол бермеуіңіз қажет. Егер, сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.