Мас әйел бес айлық баласын көшеге тастап кеткен

Мас әйел бес айлық баласын көшеге тастап кеткен

Ақтөбеде мас келіншек бес айлық баласын көшеге тастап кеткен. Шырқырап жылаған сәбиді тұрғындар тауып алып, тәртіп сақшыларына табыстады. Бірнеше сағаттан соң табылған анасы бөбегіне «тамақ алуға кеттім» деп ақталып отыр.

"КТК" телеарнасының мәліметінше, ол түнде дүкен іздеп тамақ алуға бара жатқанын айтқан. Баласын көшеге тастап кеткен. 25 жастағы келіншек жұмыс істемейді. Баласымен екеуі тұрады. Сол күні құрбыларымен кездесіп, отырған жерінде бөбегін тастап жүре берген. Ұлының жоқ екені кейін есіне түсіп, өзі де полицейлерден көмек сұрапты.

"Қазір бүлдіршін «Үміт» сәбилер үйінде. Дәрігерлер денсаулығы жақсы екенін айтады. Ал мас болып баласына жөнді қарамаған келіншектің ісі арнайы комиссияның отырысында қаралады. Бөбегін қайтып беру-бермеу мәселесін сондағылар шешеді", - дейді «Үміт» сәбилер үйінің аға тәрбиешісі Гүлбарам Нұрпейісова.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.