"Алтын допқа" үміткерлердің тізімінде биыл Месси жоқ
"Алтын допқа" үміткерлердің тізімінде биыл Месси жоқ
436
оқылды
France Football журналы маусым қорытындысы бойынша "Алтын допқа" үміткер 30 футболшының тізімін жариялады. Тізімде Лионель Мессидің аты жоқ, - деп жазады Чемпионат сайты. Есесіне тізімде Криштиану Роналду, Карим Бензема, Килиан Мбаппе секілді шабуылшылардың атын көруге болады. “Алтын допқа” үміткерлердің ішінде 2 қақпашы, 4 қорғаушы, 9 жартылай қорғаушы, 15 шабуылшы бар. Айта кетейік, “Пари Сен-Жермен” құрамасының шабуылшысы Месси бұл марапатты 7 мәрте иеленген болатын.