Түркістан облысында көлік жылқыны соғып, екі адам ауруханаға түсті

Түркістан облысында көлік жылқыны соғып, екі адам ауруханаға түсті

13 тамызда түнгі уақытта Түлкібас аудандық полиция бөліміне жылқыларды қағу дерегі бойынша хабарлама келіп түсті.

Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Түлкібас ауданына қарасты “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тасжолының 611-ші шақырымында үш жылқыны қағып, мерт қылған.

"Оқиға орнында бірден жеткен полицейлер Түркістан қаласынан Алматыға қарай бағыт алған көліктің алдынан жолдың сол жақ бетінен бірнеше жылқы атып шығып, жол апаты орын алғанын анықтады. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жалпы көлік ішінде төрт адам болған, оның бірі - кәмелет жасына толмаған бала.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.