Черногория тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін 11 адамды атып тастады
Черногория тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін 11 адамды атып тастады
377
оқылды

Черногорияның оңтүстігіндегі Цетин қаласы маңындағы Медовина ауылында ер адам көшедегі адамдарға оқ жаудырып, салдарынан бірнеше адам қайтыс болды.

Полиция мәліметінше, қаза болғандар арасында 8 және 11 жастағы 2 бала бар. Тағы 6 тұрғын жарақат алған. Оқиға орнына келген полицейлермен атысқан күдіктінің көзі жойылды. Тәртіп сақшылары әзірге оның аты-жөні мен жеке бас мәліметін әзірге жарияламай отыр. Тергеу жалғасуда.
"Бүгін біз 11 ер адам мен әйелден, соның ішінде екі баладан айырылдық... Әзірге белгісіз жағдайда 34 жастағы Цетине тұрғыны Медовина ауданындағы өзіне тиесілі үйінде пәтер жалдап тұрып жатқан отбасыға оқ атты. Ол аңшылық мылтықты қолданып, біреуі сегіз, екіншісі он бір жастағы екі баланы өлтірді, олардың анасы алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Одан кейін ол көшеге шығып, сол мылтықпен қала тұрғындарына оқ атып, тағы жеті адамды өлтіріп, алты адамды жаралаған. Азаматтардың шағымы бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, тәртіп сақшыларының біреуі атыс кезінде ауыр жарақат алған", - деді полиция басқармасының басшысы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.