Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан көлік жолаушысы мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 13 тамыз күні болған.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:30 шамасында​ Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 157-шақырымында «Лада Гранта» көлігі аударылды. Көліктің аударылуына 1992 жылғы жүргізушінің көліктің руліне ие бола алмай қалуы себеп болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан көліктің алдыңғы орындығындағы​ 31 жастағы жолаушы қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.