Елордада Ironman жарысына байланысты жолдар жабылды
Елордада Ironman жарысына байланысты жолдар жабылды
Бүгін елордада Ironman халықаралық триатлон жарыстары өтуде, - деп хабарлайды  Хабар24kz сайты. Осыған байланысты Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңындағы Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдары, Байтұрсынов, Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелері жартылай жабылды. Сонымен қатар жарыс өтетін Достық, Әлихан Бөкейхан, Керей-Жәнібек, 38-көшелері, Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарында қозғалыс шектелді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жабылған көшелердің толық картасын навигациялық қосымшадан онлайн көруге болады. Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалыс сызбасы өзгерді. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұрайды.