Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық суға жүзуші алтын медаль иеленді

Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық суға жүзуші алтын медаль иеленді

Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс тәсілімен жүзу жарысында топ жарып, Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ, осы жарыстың рекордын жаңартты. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалда Аделаида Пчелинцева брасс тәсілімен жүзуде 50 метр қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып Ислам ойындарының рекордын жаңартты. Ол Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді артта қалдырып, алтын медаль олжалады. Бұл - Ислам ынтымақтастық ойындарындағы Қазақстанның 13-інші алтын медалі.