Есік қаласында 26 жастағы ер адамды соққыға жыққандарға іздеу жарияланды
Есік қаласында 26 жастағы ер адамды соққыға жыққандарға іздеу жарияланды
367
оқылды
Есік қаласындағы кафеде белгісіз үш адам 26 жастағы жігітті аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды  "Пятый регион" басылымы. Басылым мәліметінше, зардап шегуші ес-түссіз, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның жақ сүйегі мен қолы сынып, күрделі ота жасалған. Оқиға 9 тамызда кешке болған.
"Владимир кафеде танысымен кездескен. Ал бір топ жігіт көрші дастарханда көңіл көтеріп отырған. Бір кезде Владимирдің досы мен көрші үстелдегілердің арасында жанжал басталады. Көп ұзамай ағам досын сабырға шақырып сыртқа шығарып, таксиге отырғызып жіберген. Осыдан кейін әлгі үшеуі інімнің қасына келіп, ұрып-соғады. Олар оны жарты сағаттай қинаған", - деді жәбірленушінің ағасы Александр.
Сондай-ақ, ол Владимирдің сабырлы, жанжалға жақын емес екенін айтады.
"Үйленген, үш баласы бар, Алматыға барар алдында кафеге кірген. Кішкене сыра ішкен. Бірақ жанжал шығаратындай мас емес", - дейді ағасы.
Полицейлер 30-35 жас аралығындағы үш күдіктіні іздестіріп жатыр.