Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды
Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды
Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды. Ол 73 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша 315 (145+170) келіні бағындырды. Еске салсақ, бұған дейін ел құрамасынан Зульфия Чиншанло алтын алса, Өтепберген Әлиев қола жүлдегер атанды.