Ақмола облысында тауардың төлемі туралы чекті қолдан жасаған алаяқтар ұсталды
Ақмола облысында тауардың төлемі туралы чекті қолдан жасаған алаяқтар ұсталды
209
оқылды
Көкшетаудың екі тұрғыны Kaspi.kz мобильді қосымшасында жалған чек жасап, төрт ай бойы дүкенде сауда жасаған. Осы іс-әрекеттің салдарынан олар кәсіпкерлерге 3 миллион теңгеден астам (6,3 мың доллар) шығын келтірген.
"Алаяқтар Kaspi.kz қосымшасы арқылы ақша аударған кезде дүкен сатушылар тек түбіртекті тексеретініне және ақша аударымын растамай-ақ азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын сататынына назар аударған. Осылайша, сатып алушылар тауарды таңдап, бағасын анықтағаннан кейін кассада сатушыны алдаған. Алаяқтар смартфондағы қосымшаны пайдаланып, ақша алушының аты-жөнін және қаражат сомасын түзету арқылы жалған түбіртек көрсеткен", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Келтірілген шығын көлемі 3 миллион 62 мың теңгені құрады.