Бұқтырма суқоймасына батып бара жатқан ер адам құтқарылды
Бұқтырма суқоймасына батып бара жатқан ер адам құтқарылды
396
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма суқоймасына батып бара жатқан ер адам құтқарылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар ауданындағы Бұқтырма суқоймасына 40 жастағы азамат батып кете жаздаған.
«Белгілі болғандай, ер адам матраспен жағадан алысқа жүзіп кеткен балаға көмектеспек болды. Кенеттен ол суға бата бастады. Мұны байқаған куәгерлер көмекке ұмтылып, оны судан алып шыққан», - делінген ақпаратта.
Алайда азамат жағада өзін жайсыз сезінді. Сол кезде оған құтқарушы Нұржан Жолжақсынов алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адам аман-есен.