Ереванда сауда үйінде жарылыс болды
Ереванда сауда үйінде жарылыс болды
276
оқылды
Армения астанасы Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Түске таман Ереванның орталығындағы «Сурмалу» көтерме-бөлшек сауда орталығында жарылыс болып артынан өрт шықты. Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына 10 өрт сөндіру тобы кеткенін хабарлады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс болып, арты өртке айналды. Зардап шеккендер бар. Өрттің күрделілігі үшінші деңгейде» делінген Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.