Мысырда шіркеуде өрт болып, 41 адам қаза тапты
Мысырда шіркеуде өрт болып, 41 адам қаза тапты
Жексенбіде Каирдағы шіркеулердің бірі отқа оранып, 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға туралы Мысырдың Al-Masry Al-Yaum газеті құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап, жазды. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерді эвакуациялау үшін оқиға орнына 30-дан астам жедел жәрдем көлігін аттандырды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ауруханаларға жеткізілгендердің көпшілігі - шіркеу жанындағы жексенбілік мектепте оқитын балалар. Зардап шеккендер Имбаба ауруханасы мен көршілес Агуз ауданындағы медициналық мекемелерге жеткізілген. Президент Абдель Фаттах ас-Сиси мемлекеттік органдарға зардаптардың салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.