finprom.kz мәліметінше, электрондық еңбек биржасының мәліметтері бойынша, елімізде күзетші, қазандық операторлары, патрульдік инспекторлар, медбикелер мен тәрбиешілер тапшы, - деп хабарлады 24.kz. Ал заңгер, экономист, қаржыгер және мал шаруашылығы саласындағы мамандар өте көп. Қазақстанда жұмыссыздық көбінесе халық тығыз орналасқан аймақтарда байқалады. Атап айтқанда, Алматыда (49,2 мың адам), сондай-ақ Алматы облысында (48,2 мың адам) және Түркістан облысында (42,1 мың адам) жұмыссыздық деңгейі жоғары. Қазақстанда 300 мыңға жуық жас жұмыссыз екенін жазған болатынбыз.