«Дәретханасы далада, төбесі опырылып құлап жатыр» – Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған жаңа мектептің жайы
«Дәретханасы далада, төбесі опырылып құлап жатыр» – Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған жаңа мектептің жайы
Фото: instagram/ kris_p_talgar
1,412
оқылды
Алматы облысы Талғар қаласында 3 миллиард теңгеге жаңадан салынған 1 200 орындық мектептің сапасы сын көтермейді, – деп жазды Tengrinews.kz. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мектеп дәретханасы далада орналасқан. Мектептің қабырғалары жарылып, сыз тартып,  төбесі опырылып жатыр.    width= Бұл мәселеге қатысты Талғар аудандық әкімдігі кемшіліктерді мердігер компания жаңа оқу жылы басталғанға дейін түзететінін  айтты.    width=    width=    width=
«Тек қана бірінші қабаттағы қабырғалар жарыла бастаған. Кемшіліктер қайта жөнделеді. Мектеп ішінде ұл-қыздарға бөлек-бөлек дәретханалар бар. Сонымен қатар жоба бойынша аулада да дәретхана салу қарастырылған. Мердігер компания мектептегі кемшіліктерді биыл 25 тамызға дейін түзеуі тиіс», – делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін Үкімет басшысы мектеп формасы, аяқкиім мен оқу құралдарының бағасын қымбаттатпау үшін шұғыл тапсырма бергенін хабарлаған болатынбыз.