Алматы облысы Талғар қаласында 3 миллиард теңгеге жаңадан салынған 1 200 орындық мектептің сапасы сын көтермейді, – деп жазды Tengrinews.kz.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мектеп дәретханасы далада орналасқан. Мектептің қабырғалары жарылып, сыз тартып, төбесі опырылып жатыр.
«Тек қана бірінші қабаттағы қабырғалар жарыла бастаған. Кемшіліктер қайта жөнделеді. Мектеп ішінде ұл-қыздарға бөлек-бөлек дәретханалар бар. Сонымен қатар жоба бойынша аулада да дәретхана салу қарастырылған. Мердігер компания мектептегі кемшіліктерді биыл 25 тамызға дейін түзеуі тиіс», – делінген әкімдік хабарламасында.Бұған дейін Үкімет басшысы мектеп формасы, аяқкиім мен оқу құралдарының бағасын қымбаттатпау үшін шұғыл тапсырма бергенін хабарлаған болатынбыз.