Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты – видео
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты – видео
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, – деп жазады Polisia.kz.

Кеше сағат 16.55-те «Покровка – Жаңажол» автожолының 75-шақырымында жол апаты болды.    width= Темір ауданы «Покровка – Жаңажол» тасжолының 75-шақырымында Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ-2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен, КамАЗ көлігімен соқтығысқан. КамАЗ көлігінің рөлінде Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғыны болған. Жол апаты салдарынан ВАЗ-2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен Кеңкияқ ауылының ауруханасына жатқызылды.   https://youtu.be/FkPpcoM4Sqo Бұл факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.