Ақмолада жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды
Ақмолада жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды
Фото: murmansk.bezformata.com
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, – деп жазады Polisia.kz. Жол апаты Целиноград АПБ полиция бөліміне Қарамеңді батыр мен Арайлы ауылы арасында болды. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1212-шақырымында ақтөбелік Toyota Estima автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі мотоцикл жүргізушісі мен жолаушыны қағып кеткен. Жол апатынан Жаңаесіл ауылының 25 жастағы тұрғыны, мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы Новоишимка ауылының 25 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Айта кетейік, жыл басынан бері Ақмола облысында полицейлер 11 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлікті басқарғаны үшін 2 106 әкімшілік хаттама толтырылды.