Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды
Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды
Фото: gov.kz
278
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қомақты көлемдегі мұнай өнімдері заңсыз айналымының жолын кесті. «Жедел іздестіру нәтижесінде, кәсіпорында биыл шілде айынан бастап Қазақстан мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіру, сақтау, өңдеу мен тасымалдауды жалғастырды. Нәтижесінде, дер кезінде жүргізілген шаралар 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді. Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», делінген ресми хабарламада. Агенттік мұнайды сату фактілері анықталған жағдайда сенім телефонына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрайды.